Абай, Махамбет оқулары
Абай, Махамбет оқулары

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

 

Қазақстан Республикасыньтң білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сыныпоқушыларының арасында 2014 жылғы 5 мамырдааудандықАбай, 6 мамырда аудандықМахамбет оқулары өткізілетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Жас ұрпақты ұлы тұлғалардың асыл құндылықтары рухында тәрбиелеуге бағытталған игі шараларға барлық аудандық жалпы білім беретін мектептер оқу тіліне қарамастан бірде-бір мектептің тыс қалмауын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Орыс тілінде білім алатын мектептерден қатысатын оқушы қазақтан басқа өзге ұлт өкілі болуы керек.

АудандықАбай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

- «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардыңтізімін конкурс басталғанға дейін өткізуі қажет (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады);

-«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімніңәндері мен күйлерін орындау конкурсы;

-«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

-«Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы, (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін,мәнерлеп оқитын оқушыға жоғары баға қойылады);

- «¥лы арман»- Махамбеттің күйлерін орындаушылар конкурсы;

- «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз туындыларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Әр бір номинация бойынша бір-бір оқушыдан қатысады: Абай оқулары -3 кандидатура; Махамбет оқулары - 3 кандидатура.

Алдыңғы жылдардағы облыстық жүлдегерлер (1, 2, 3 орын алған) 2014 жылғы өтетін аудандық оқуларға қатыса алмайды.

Абай және Махамбет оқуларының өткен жылғы Ережелерін негізге ала отырып, 2013 жылдың 25 сәуірге дейін тапсырыс төмендегі үлгі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз.

 

мектеп

жетекшінің толық дұрыс аты-жөндері

номинациясы

жаттаған шығарма саны

орындайтын шығарма аты

оқыту тілі

мұғалімі аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Зырян ауданының

білім беру бөлімі» ММ бастығы                             С. Винивитин

 

Орындаушы:

Кадырбаева М.А.

Тел: 6-29-69