«Өзіңді таны» жазғы өзін-өзі тану мектебі
Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Саяхат» балалар сауықтыру лагерінің базасында 25-30 маусым аралығында «Өзіңді таны» жазғы өзін-өзі тану мектебі ұйымдастырылды.
Мектептің белсенді қатысушылары үшінші жыл қатарынан «Зырян қаласының мектеп-лицейі» КММ оқушылары, олар уақытты қызығушылықпен өткізді.
Әр күннің өзінің құрылымы және тақырыбы болды, соңына қарай өткізілген күннің қортындысы шығарылып, өздерін жан-жақты салада көрсете білген қатысушылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен, сувенирлермен марапатталды. Сондай-ақ күні бойы басқару қабілетімен ерекше көзге түскен күн батыры анықталды.
Маусым ішінде сенім поштасы жұмыс жүргізді, әр күні аталған бағыттағы жұмыс қортындысы шығарылып отырды.
Мектептің шығармашылық топтары екі тренингтік топтарға бөлінді, олар қатысушылардың жеке ерекшеліктерін және ұжым бірлігін көрсету мақсатында, күн тақырыбына және қатысушылардың қызығушылықтарына қарай ауыстырылды. Тренингтік сабақтар сауықтыру лагерінің көркем орындарында өткізілді, балалар теңіз суының сылдыры мен жапырақтар сыбдырының аясында басқалардың басты жетістіктері туралы өз пікірлерімен бөлісті, осындай жолмен қатысушылар арасында өзара достық қарым-қатынас орнады.
Әр оқушы портфолио жүргізді. Өткізілген сабақтар бойы осы папкаларын өздерінің шығармашылық жұмыстарымен, мақтау қағаздарымен, ынталандыру карточкаларымен т.б. толтырды.
«Зырян ауданының білім беру
бөлімі» ММ әдіскері Кадырбаева М.А.