«Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу туралы ақпарат

«Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтетінін хабарлайды.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы ережеге сәйкес «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», Жас ғалымдар», «Жазушылар» атты 5 бағытта, 3 кезеңде өткізіледі:

1 кезең – аудандық, 25 қаңтарда,2 кезең – облыстық, 22-ақпанда, 3 кезең – республикалық деңгей, 2013 жылғы 4-6 сәуірде Астана қаласында өтеді.

Облыстық кезеңге (Өскемен ҚТЛ, Семей ҚТЛ) аудандық кезеңнен 1-орын алған жеңімпаздар қатысады.        

Әр мектептен аудандықкезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:  

Конкурс атауы

Тобы

Оқушы саны

Жиыны

«Тілші-әдебиетшілер»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Сөз шеберлері»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Әнші-бұлбұлдар»

қазақ және өзгеұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Жас ғалымдар»

қазақ және өзге

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Жазушылар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

 Қатысуға өтінімдерді төмендегі үлгі бойынша электрондық жүйеде zyr_odarennost@mail.ru(электрондық нұсқада және сканерлік нұсқада директордың  қолымен, мөрімен) 2013 жылдың 15 қаңтарғадейін жіберу қажет.  

Оқушының  аты-жөні

Аудан / қала мектеп

Сынып

Ұл - қыз  

Конкурс атауы

Тақырыбы

Дайындаған   мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 «Жарқын болашақ» олимпиадасының толық ережелері ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының (http//www.shygysdaryny.kz) сайтында жарияланған.

Қосымша ережеберіледі.