Облыстық «Малахит» интеллектуалдық конкурсының ЕРЕЖЕЛЕРІ

Облыстық «Малахит» интеллектуалдық конкурсының

ЕРЕЖЕЛЕРІ 

Жалпы ережелер

1. Осы ереже облыстық «Малахит» интеллектуалды конкурсының (ары қарай - конкурс) мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды. 

2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-       дарынды балаларды анықтау, қолдау;

-       оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;

-       мектеп оқушылары арасында интеллектуалды ойындар мен конкурстар, жарыстар, олимпиадаларды түсіндіріп тарату;

-       табысқа жетуді уәждеу.

3. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық  «Дарын» орталығы.

4. Конкурсқа қатысу ерікті, ақылы.

5.Әр сыныпқа арналған тапсырмалар блогы 30 тестік математика тапсырмалардан тұрады. Тапсырмалар күрделігіне байланысты үш бірдей сандағы топтарға бөлінген: әрбір жеңілі – 3 ұпаймен, орташасы - 4 ұпаймен және қиыны – 5 ұпаймен бағаланады. Конкурстағы жоғарғы жинау ұпай саны -  120 болу керек.

Конкурстың  жұмысшы органдары

6. Конкурсқа даярлық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру  мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

7. Ұйымдастыру комитеті:

-  конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;  

-  тікелей басшылық жасайды;

- тапсырмалар мазмұнын әзірлейді, жұмысты бағалау өлшемдерін анықтайды, кезеңнің өткізілуіне дейінгі тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;

- жеңімпаздарды анықтайды,

-  нәтижесін талдап, қорытады.

8. Конкурсты ұйымдастыру үшін үйлестірушілер тағайындалады. Әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер, білім беру басқармаларының өкілдері үйлестіруші бола алады.

 Үйлестірушінің міндеті:

- конкурсқа қатысуға тапсырысты ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына уақытылы тапсыру керек;

- нұсқаулықтағы нұсқауға сәйкес конкурсты ұйымдастыру.

 

Конкурсқа қатысушылар

9.   Облыстық конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.

 

Конкурсты өткізу тәртібі

10.    Конкурсқа қатысуға тапсырыстар белгіленген мерзімге 5 күн қалғанға дейін қабылданады.

11.    Тапсырмалар блогын орындауға  90 минут уақыт беріледі.

12.    Тапсырмалар салынған пакет үйлестіруші мен қатысушылардың көзінше белгіленген мерзімде ашылады.

13.    Бөлінген уақыт аяқталысымен үйлестіруші жауап бланкілерін жинап, конвертке салып желімдеп, ұйымдастыру комитетіне жібереді.

14.    Ұйымдастыру комитеті жауап бланктеріне тексеру жүргізіп, әр қатысушының деңгейін анықтайды.

15.    Конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтап және дарынды балалар туралы деректер банкіне кіргізеді.

Жеңімпаздарды марапаттау

16.   Конкурс жеңімпаздары грамоталармен, республикалық сауықтыру лагерлеріне жолдамамен марапатталады.

 

Конкурсты қаржыландыру

17.   Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, тапсырмаларды, жауап бланкілерін әзірлеу, көбейту, грамотаны әзірлеу, көлік, пошта шығындары, жолдамалармен марапаттау ұйымдастырушылар  есебінен жүзеге асырылады.

Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже облыстық «Айналайын» интеллектуалды конкурсының (ары қарай - конкурс) мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды. 

2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-       дарынды балаларды анықтау, қолдау;

-       оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;

-       мектеп оқушылары арасында интеллектуалды ойындар мен конкурстар, жарыстар, олимпиадаларды түсіндіріп тарату;

-       табысқа жетуді уәждеу.

3. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан - өңірлік ғылыми – практикалық  «Дарын» орталығы.

4. Конкурсқа қатысу ерікті, ақылы.

5.Әр сыныпқа арналған тапсырмалар блогы қазақ тілі пәні бойынша 30 тестік тапсырмалардан тұрады.

Конкурстың  жұмысшы органдары

 

6. Конкурсқа дайындық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру  мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

7. Ұйымдастыру комитеті:

-  конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;  

-  тікелей басшылық жасайды;

- тапсырмаларды дайындайды, жұмыстарды бағалаудың критерилерін анықтайды, конкурс өткізілгенге дейінгі тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;

- жеңімпаздарды анықтайды;

-  нәтижесін талдап, қорытады.

8. Конкурсты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім бөлімдерінің өкілдері болуы мүмкін.

Үйлестірушінің міндеті:

- конкурсқа қатысуға тапсырысты уақытылы беру;

- конкурсты нұсқауларға сәйкес ұйымдастыру.

 

Конкурсқа қатысушылар

 

         9.Облыстық конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.

 

Конкурсты өткізу тәртібі

 

10.Конкурсқа қатысуға тапсырыстар белгіленген мерзімге 7 күн қалғанға дейін қабылданады.

11. Тапсырмалар блогын орындауға  90 минут уақыт бөлінеді.

12.Тапсырмалар салынған пакет үйлестіруші мен қатысушылардың көзінше белгіленген уақытта ашылады.

13. Бөлінген уақыт аяқталысымен үйлестіруші жауап бланкілерін жинап, конвертке салып желімдеп, ұйымдастыру комитетіне жібереді.

14.Ұйымдастыру комитеті бланктерді тексеріп, әр қатысушының деңгейін анықтайды және білім беру мекемелеріне дейін мәліметті жеткізеді.

15. Конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтайды және дарынды оқушыларды деректер базасына енгізеді.

Жеңімпаздарды марапаттау

 

16. Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталады және республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдама беріледі.

Конкурсты қаржыландыру

17. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, тапсырмаларды, жауап бланктерін дайындау және көбейту, грамоталарды әзірлеу, көлік, пошта шығындары, жолдамалармен марапаттау ұйымдастырушылардың есебінен жүзеге асырылады.