Облыстық «Асыл тас» интеллектуалды конкурсының
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1. Ережелер ШҚО білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушыларына арналған облыстық «Асыл тас» интеллектуалды конкурсының (ары қарай - конкурс) мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- дарынды балаларды анықтау, қолдау;
- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;
- мектеп оқушылары арасында интеллектуалды ойындар мен конкурстар, жарыстар, олимпиадаларды түсіндіріп тарату;
- табысқа жетуді уәждеу.
3. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай- «Дарын»орталығы).
4. Конкурсқа қатысу ерікті, ақылы.
5. Әр сыныпқа арналған тапсырмалар блогы 30 логикалық тестік тапсырмалардан тұрады.
2. Конкурстың жұмысшы органдары
6. Конкурсқа даярлық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру мен үйлестіру үшін ШҚ Білім департаментінің бұйрығының негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады.
7. Ұйымдастыру комитеті:
- конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылық жасайды;
- ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;
- нәтижесін талдап, қорытады.
8. Құрамына ғылымдар, практик-мұғалімдер кірген ғылыми-әдістемелік кеңес:
- тапсырмалар мазмұнын әзірлейді; жұмысты бағалау өлшемдерін анықтайды, кезеңнің өткізілуіне дейінгі тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;
- жауап бланкттерін тексеруге қатысады;
- жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды тағайындау жөнінде ұсыныстар береді.
9.Конкурсты ұйымдастыру үшін облыстық Үйлестірушілер Кеңесінің құрамына кіретін мектеп, аудан үйлестірушілері тағайындалады. Облыстық Үйлестірушілер Кеңесінің төрағасы – «Дарын»орталығының директоры. Әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер, білім беру басқармаларының өкілдері үйлестіруші бола алады.
Үйлестірушінің міндеті:
- ауданда, мектепте конкурсты ұйымдастыру;
- конкурсқа қатысуға тапсырысты уақытылы құрып, «Дарын» орталығына жіберу;
- үйлестірушілерге арналған нұсқаулықтағы нұсқауларды мүлтіксіз орындау.
3. Конкурсқа қатысушылар
10. Облыстық конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.
4.Конкурсты өткізу тәртібі
11. Белгіленген мерзімнен кеш келіп түскен, сондай талаптары бұзылған тапсырыстар конкурсқа жіберілмейді.
12. Ақысы конкурсқа 10 күн қалғанға дейін ұйымдастырушының есепшотына аударылады.
13. Тапсырмалар блогын орындауға 90 минутуақыт беріледі.
14. Тапсырмалар салынған пакет үйлестіруші мен қатысушылардың көзінше белгіленген мерзімде ашылады.
15. Бөлінген уақыт аяқталысымен үйлестіруші жауап бланкілерін жинап, конвертке салып желімдеп, ұйымдастыру комитетіне жібереді.
16. Ұйымдастыру комитеті мен ғылыми-әдістемелік кеңес тексеру жүргізіп, әр қатысушының деңгейін анықтайды.
17. Конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтайды.
5 .Жеңімпаздарды марапаттау
18. Конкурс жеңімпаздары дипломдармен, Жазғы Академияға, республикалық сауықтыру лагерлеріне жолдамамен марапатталады.
6. Конкурсты қаржыландыру
19. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, тапсырмаларды, жауап бланкілерін әзірлеу, көбейту, сертификат, диплом әзірлеу, көлік, пошта шығындары, жолдамалармен марапаттау ұйымдастырушылар мен демеушілер есебінен жүзеге асырылады.