Облыстық «Айналайын» интеллектуалды конкурсының
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жалпы ережелер
1. Осы ереже облыстық «Айналайын» интеллектуалды конкурсының (ары қарай - конкурс) мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды.
2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- дарынды балаларды анықтау, қолдау;
- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;
- мектеп оқушылары арасында интеллектуалды ойындар мен конкурстар, жарыстар, олимпиадаларды түсіндіріп тарату;
- табысқа жетуді уәждеу.
3. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан - өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы.
4. Конкурсқа қатысу ерікті, ақылы.
5.Әр сыныпқа арналған тапсырмалар блогы қазақ тілі пәні бойынша 30 тестік тапсырмалардан тұрады.
Конкурстың жұмысшы органдары
6. Конкурсқа дайындық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
7. Ұйымдастыру комитеті:
- конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылық жасайды;
- тапсырмаларды дайындайды, жұмыстарды бағалаудың критерилерін анықтайды, конкурс өткізілгенге дейінгі тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;
- жеңімпаздарды анықтайды;
- нәтижесін талдап, қорытады.
8. Конкурсты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім бөлімдерінің өкілдері болуы мүмкін.
Үйлестірушінің міндеті:
- конкурсқа қатысуға тапсырысты уақытылы беру;
- конкурсты нұсқауларға сәйкес ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушылар
9.Облыстық конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Конкурсты өткізу тәртібі
10.Конкурсқа қатысуға тапсырыстар белгіленген мерзімге 7 күн қалғанға дейін қабылданады.
11. Тапсырмалар блогын орындауға 90 минут уақыт бөлінеді.
12.Тапсырмалар салынған пакет үйлестіруші мен қатысушылардың көзінше белгіленген уақытта ашылады.
13. Бөлінген уақыт аяқталысымен үйлестіруші жауап бланкілерін жинап, конвертке салып желімдеп, ұйымдастыру комитетіне жібереді.
14.Ұйымдастыру комитеті бланктерді тексеріп, әр қатысушының деңгейін анықтайды және білім беру мекемелеріне дейін мәліметті жеткізеді.
15. Конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтайды және дарынды оқушыларды деректер базасына енгізеді.
Жеңімпаздарды марапаттау
16. Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталады және республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдама беріледі.
Конкурсты қаржыландыру
17. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, тапсырмаларды, жауап бланктерін дайындау және көбейту, грамоталарды әзірлеу, көлік, пошта шығындары, жолдамалармен марапаттау ұйымдастырушылардың есебінен жүзеге асырылады.