«Сиқырлы би әлемі» би олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережелері

«Бекітемін»:

Шығыс Қазақстан ғылыми – практикалық

«Дарын»орталығының директоры

_________________________  Ж.Ж.Айтпаева

                                                                                                   

 

«Сиқырлы би әлемі»

би олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу ережелері

 

І. Жалпы ереже

 

1.  Бұл ереже «Сиқырлы би әлемі» би олимпиадасының (ары қарай - Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, ұйымдастыру мен өткізудің ретін, қорытынды шығаруды және жүлдегерлерді, Олимпиаданы қаржыландыруды белгілейді.

2.  Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебі

3.  Мақсаттары мен міндеттері:

- Шығыс Қазақстан облысының өнерлі де дарынды балаларын анықтап, қолдау көрсетуге жағдай жасау;

- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында би өнерiнiң танымды болуын насихаттау;

- оқушылардың хореографиялық қабілеттерін дамыту;

- қатысушылардың шығармашылық жетістіктерімен алмасуы, орындаушылар мен ұжымдардың творчестволық қарым-қатынастарын орнату.

 

ІІ. Олимпиаданың ұйымдастырушы комитеті

 

4.  Олимпиаданы ұйымдастырып өткізу үшін ұйымдастырушы комитет құрылады (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті);

5.  Ұйымдастыру комитеті:

- Олимпиада концепциясын құрады;

- Олимпиаданы әзiрлеу мен өткізуді тiкелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекiтедi;

- Олимпиадаға қатысуға өтінімдер мен қажеттi материалдарды қабылдайды;

- іс - шаралардың түрiн, олардың өткiзу формаларын белгілейді;

- Олимпиадаға талдау жасап, қорытындылайды;

- дайындық кезеңінің жүргізілуін, Олимпиаданың өткізілуі мен нәтижелерiнің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін қамтамсыз етеді.

 

ІІІ. Олимпиада қатысушылары

 

6.  Олимпиада ерiктi негiзде жүргiзiледi.

7.  Олимпиада ашық жарыс болып табылады, онда Шығыс Қазақстан облысы қалаларынан/аудандарынан мектепке дейінгі жастағы балалар (5 жастан бастап) және білім мекемелерінің 1-9 сынып оқушылары (15 жасқа дейін) қатыса алады.

8.  Олимпиада келесi жас аралығында жүргiзiледi:

- 5-7 жас - кiшi топ;

- 8-11 жас - орташа топ;

- 12-15 жас - ересек топ.

 

ІV.Олимпиадаға қатысу шарттары

 

9.  Олимпиада 2 кезеңде өткізiледi:

I кезеңде – қалалық (аудандық) - мектепке дейінгі жастағы балалар және білім мекемелерінің 1-9 сынып оқушылары (15 жасқа дейін), барлық ниет білдіргендер қатыса алады.

Қалалық (аудандық) кезең – 2012 жылдың 18 сәуiріне дейін тұрғылықты жерде өткiзiледi.

I кезеңнiң қорытындысы бойынша әрбiр жас шамасына байланысты бiр бiрiншi, екi екiншi және үш үшiншi орын беріледi.

II кезең –облыстық – 2012 жылдың 28 сәуірінде Семей қаласында облыстық Абай атындағы театрында өткізіледі.

II – облыстық кезеңге – қалалық/аудандық олимпиаданың (I орын алған қатысушылары) жеңiмпаздары қатыса алады.

10.   Қатысушыларды облыстық кезеңге тiркеу үшiн 2012 жылдың 15 сәуiрiне дейiн келесi құжаттарды ұйымдастыру комитетіне жiберу керек:

- қатысушылар өтінімі (үлгісі беріледi);

- туу туралы куәлiктің немесе қатысушының жас шамасын растайтын құжаттар.

 

V. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу

 

11.   Қатысушылардың iссапар шығындары (жол жүру, күнелту, тамақтану) жіберуші білім мекемедерінің есебінен немесе өз қаражатынан төленеді.

12.   Қатысушыларға халық биі, классикалық би, джаз- балет, қазiргi би, халықтық стильге келтiрiлген би т.б. Қатысушылар биді өз беттерiнше таңдай алады.

13.   Олимпиаданың қорытындысы жас аралық топтар бойынша қаралады: кiшi, орта, ересек.

14.   Биді бағалау өлшемдерi:

- орындаушылық шеберлік деңгейі;

- композициялық құрылымы;

- музыкалық және хореографиялық материалды таңдап алуы, сәйкестiгi;

- сахналық мәдениеті;

- қатысушының әртістілігі, көркемдік образды аша білуі.

15.   Қазылар алқасының құрамы хореография саласындағы жетекшi мамандардан, ШҚО Бiлiм Басқармасының, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының өкілдерінен құралады.

16.   Қатысушылардың өнерін қарапайым дауыс беру арқылы бағалау парағында бес өлшем бойынша, әрқайсысы он баллмен максималды 50-баллдық бағамен бағаланады.

17.   Қазылар алқасы олимпиаданың қорытындысы бойынша Бас жүлде иегерін және I, II, III дәрежелi лауреаттарды анықтайды. Жеңiмпаздар медальдармен, атақ беру дипломдарымен марапатталады. Олимпиадаға қатысқандарға сертификаттар тапсырылады.

 

VI. Фонограммаға қойылатын техникалық талаптар

 

18.   Олимпиаданың облыстық кезеңiнiң қатысушылары флешкадағы фонограммаға ансамбльдің атауын немесе орындаушының фамилиясын, шығарманың атауын жазулары тиіс.

19.   Олимпиаданың ұйымдастырушылары жарыс өткізілетін жерде әуен жазумен, оны реттеумен шұғылданбайды, әуен дұрыс форматта болуы керек.

Ұйымдастыру комитетінің мекен - жайы:

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебі, Семей қаласы, Пушкин көшесі 10 үй, e-mail:  balet-anara@ mail.ruтел/факс:8(7222) 56-22-96

 

«Келісілді»:облыстық мамандандырылған балет мектебiнiң директоры ________________К.Р. Исмайлова

 

Сауалнама - мәлiмдеме

Солисттің өтінімі

 

1.     Қатысушының АТЖ___________________________________________

2.     Туған жылы__________________________________________________

3.       Хореография жанры (халық биы, классикалық би, джаз- балет, қазiргi би, халықтық стильге келтірілген би, т.б билеу бағыттары) _______________________________________________________________

4.     Ұстаздың АТЖ_______________________________________________

5.     Ұстазсыз_____________________________________________________

6.     Оқу орны____________________________________________________

7.     Мекен-жайы,телефон__________________________________________

8.     Орындайтын шығармасы_______________________________________

Қатысушының қолы____________

Күні____________

                                           Ұжымның мәлімдемесі

1. Ұжымның атауы және құрамы: қатысушылардың АТЖ: _________________________________________________________________

2.   Қатысушының АТЖ_______________________________________________

3. Туған жылы__________________________________________________

4.  Хореография жанры (халық биы, классикалық би, джаз- балет, қазiргi би, халықтық стильге келтірілген би, т.б билеу бағыттары) _______________________________________________________________

5.   Ұстаздың АТЖ _______________________________________________

6.   Ұстазсыз_____________________________________________________

7.  Оқу орны____________________________________________________

8.   Мекен-жайы, телефон__________________________________________

9.     Ұстазының телефоны__________________________________________

10.   Орындайтын шығармасы______________________________________

Қатысушының қолы____________

Күні____________

 

Сауалнама-мәлімдеме мына мекен-жай бойынша Оргкомитетке жіберіледі:

«Облыстық дарынды балаларға арналған

мамандандырылған балет мектебі» КМҚК

071400, Семей қаласы, Пушкин көшесі 10 үй

e-mail:  balet-anara@ mail.ru

тел/факс:8(7222) 56-22-96