Облыстық «Жас шахматшы» турнирін өткізу ережелері

Облыстық «Жас шахматшы» турнирін өткізу ережелері

Мақсаты мен міндеттері

-       Дарынды балаларды анықтау және қолдау;

-       Қатысушылардың оқу-үйрену әрекеттеріне жағдай жасау

-       Оқушылар арасында шахмат ойынын насихаттау;

-       Жетістікке жетулерін айқындау;

-       Республикалық турнирлер мен чемпионаттарға қатысу үшін облыстық құрама командасын анықтау.

 

Өтетін орны мен уақыты

Турнир 2012 жылдың 13-14 қазанында өтеді;

- Қатысушылардың келуі 12 қазан сағат 14.00-ден кейін. Қайту уақыты

 14 қазан.

 - Турнирдің салтанатты ашылуы 13 қазанда сағат 09.00-де;

- Сайыстың басталуы: сағат 13 қазанда 10.00-де;

- Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті (Өскемен қ, Серікбаев көшесі, 19);

- төрешілер алқасы және мандат комиссиясы 12 қазанда сағат 18.00-де Өскемен қаласы, Амурская көшесі, 12/1 мекенжайындағы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп гимназия интернатында болады

- Мандат комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру керек:

1) Турнирге жіберу туралы білім мекемесі басшысының бұйрығы;

2) Білім мекемесі басшысының, медициналық қызметкерінің куәландырылған тапсырысы;

3) Жеке төл құжат (туу туралы куәлік), оқу орнынан қатысушының фотосы бар анықтама;

4) Көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда команда жарысқа қатыстырылмайды.

 

Турнирдің қатысушылары және өткізілу тәртібі

-         Турнир жас ерекшеліктеріне қарай үш топта өткізіледі;

Команда құрамы 6 оқушы жас ерекшеліктеріне қарай үш топ

2 ойыншыдан (1 ұл, 1қыз)

1 топ: 4-6 сыныптар (1 ұл, 1қыз)

2 топ: 7-8 сыныптар (1 ұл, 1қыз)

3 топ: 9-11 сыныптар (1 ұл, 1қыз)

-         Турнирге қатысуға тапсырыстар 2012 жылдың 1-қазанына дейін 8/7232/ 701-344, 552-112 тел/факсінде қабылданады.

-         Командаларда 3 жинақ шахмат және шахмат сағаттары болуы шарт.

 

Жеңімпаздарды анықтау

-         Турнир ФИДЕ ережесі бойынша өткізіледі (щвейцарлық жүйе).

 

Турнирдің өтуіне басшылық жасау

-         Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы және қосымша білім беру мен денешынықтыру орталығы турнирге жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.

 

Марапаттау

- Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, I, II, III  дәрежелі дипломдармен марапатталады;

- Облыстық турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар 3 жас ерекшелігіне қарай республикалық турнирге қатысады.

 

Қаржыландыру

-                     Турнирге қатысушылардың және жетекшілерінің іссапар шығындарын (барып-қайту, жол шығынына төленетін күндік ақша), іссапарға жіберуші мекемелері есебінен;

-                     Турнирдің ұйымдастыруына байланысты шығындар (дипломдар дайындау, төрешілердің еңбектерін төлеу, қатысушылардың тамақтануын, жатын орнын) ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес төлейді.

 

Байланыс мәліметі мен мекен-жайы

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, тел/факс 8/7232/ 701-344, 552-112, Vk_daryn@mail.ru