Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
Берілген ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын (келесіде – олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері - ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық дәрежесін жоғарлату, дарынды балалары анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.
Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (келесіде – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (келесіде – ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).
Олимпиаданың жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.
2. Олимпиаданың өткізілу тәртібі, мерзімі мен орны
Олимпиада ІІІ кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – мектепішілік –2012 жыл, наурыз;
- екінші кезең - аудандық (қалалық) 2012 жылдың 20 сәуіріне дейін;
- үшінші кезең - облыстық 2012 жыл 5 мамыр.
Пәндер бойынша жеке айналым 6 пәннен өткізіледі (қазақ тілі, орыс тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері). Жұмыс жазбаша орындалады. Орындау уақыты: 90 минут, бейнелеу өнері – 120 минут.
3. Олимпиаданың жұмысшы органы
Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;
ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;
олимпиаданың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;
Құрамына ғалымдар, тәжірибеші-мұғалімдер кіретін ғылыми-әдістемелік кеңес:
тапсырмалардың мазмұнын әзірлейді;
жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, олимпиада өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;
жұмыстарды тексеруге қатысады;
жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды.
4. Қатысушылардың құрамы
Олимпиадаға облысымыздағы жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушылары қатысады.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың, аудандардың, мектептердің атынан командалар қатысады. Командалар аудандық, қалалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша құрылады.
Команда құрамы оқыту тіліне байланысты 6 немесе 12 адамнан және 1 жетекшіден тұрады (әр пәнге 2 адамнан).
Команда құрамының барлық мүшелері олимпиадаға қатысу үшін берілген тапсырыста болулары керек.
5. Қатысушыларды тіркеу тәртібі
Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыстарды жазбаша түрде ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 2012 жылдың 26 сәуіріне дейін 8 (7232) 75-84-59, 75-77-19 теле/факстарына жіберуге болады.
6. Қорытындыларды бағалау тәртібі
Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша әр қатысушының қатысқан өз пәні бойынша жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады (жеке есепте), команда – жалпы есепте.
Жалпыкомандалық орын команда мүшелерінің жалпы жинаған ұпайлары бойынша анықталады.
7. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау
Әр оқу пәні бойынша 1-3 орын иеленген қатысушылар жеке есеп қорытындысы бойынша марапатталады. (1-орын-1, 2-орын-2, 3-орын-3).
8. Атрибутика
Олимпиадаға қатысуға тапсырыс берген әрбір команданың өз формасы, эмблемасы, командасының аты болуы керек.
9. Қаржыландыру
Олимпиаданың қаржыландырылуы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы құрылып, бекітілген шығындар сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
Олимпиадаға қатысушылардың жол ақысы бағыттаушы жақтың немесе демеушілердің есебінен өтеледі.