«Шығыс шамшырақтары» атты дәстүрлі XVI облыстық жас ақындар айтысын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

«Шығыс шамшырақтары» атты дәстүрлі XVI облыстық жас ақындар айтысын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

 

1.1. 2012 жылдың 13 мамыры күні Өскемен қаласындағы музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебінде облыс мектептері оқушыларының арасында өтетін М. Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Шығыс шамшырақтары» атты дәстүрлі XVI облыстық ақындар айтысының ұйымдастырушылары ШҚО білім басқармасы, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы және Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығы болып табылады.

1.2. Осы ережелер М. Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына арналған облыстық білім мекемелері оқушыларының арасында өтетін жас ақындар айтысының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

1.3. Айтыстың мақсаттары мен міндеттері:

-         оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу;

-         дарынды оқушыларды қолдау, шығармашылығын дамыту;

-         оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;

-         Жас ұрпаққа М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

 

II. Айтыстың шарттары

2.1. Айтысқа қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, «өлең – сөздің патшасы» екендігін жанымен түсіне білетін, өз ойын жан-жақты жеткізе алатын суырып салмалық қабілеті бар болуы шарт.

2.2. Облыстық айтысқа қатысушы аудандық (қалалық) айтыстың жеңімпаздары болуы керек.

2.3.  Айтысқа қатысушы үміткер ел-жер тарихы, қоғам қайраткерлері, тіл мәселесі, оқу мен тәрбие жайы, жастар болашағы, қоғамдағы қазіргі жағдайлар туралы, сондай-ақ, Мұхтар Әуезовтың шығармашылығынан хабардар болып, қарсыласына қолма-қол жауап бере алатындай болуы шарт. Әр жұптың айтысы 15 минуттан аспауы керек.

2.4.  Айтысқа әр ауданнан, қаладан 9-11 сынып оқушылары арасынан 1 оқушы қатыса алады.

2.5.  Қатысушының аты- жөні, ауданы (қаласы), мектебі, сыныбы, жетекшісінің аты- жөні, телефоны туралы толық мәліметі бар тапсырысты ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына (байланыс телефоны т/ф (87232) 757-719) жіберу керек.

2.6. Айтысқа қатысатын оқушылардың дәрігерлік (эпидокружение) анықтамасы міндетті түрде болуы керек.

III. Қаржыландыру

3.1. Айтысқа қатысушы оқушының жол шығыны мен жетекшінің іссапар шығындары бағыттаушы жақтың білім мекемелерінің есебінен

3.2. Айтысқа қатысушыларды тамақтандыру, марапаттауға және жүлделері мен кеңсе заттарын сатып алуға, залды безендіруге байланысты шығындарды ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының есебінен.

IV. Қазылар алқасы

4.1. Облыстық білім мекемелері оқушыларының арасында өтетін М. Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Шығыс шамшырақтары» атты дәстүрлі XVI облыстық ақындар айтысының қазылар алқасының құрамы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерінен тұрады.

4.2. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитетінің ұсынуы бойынша облыстық білім басқармасының бастығы бекітеді.

4.3. Қазылар алқасы:

- айтыскердің өлеңді ұйқастыру қабілетіне, суырып салмалық қасиетіне және тақырыптан ауытқымай айтысуына, сахнада өзін- өзі ұстау шеберлігіне, киім киісіне талдау жасайды. Әр айтыскерді 5-10 балдық жүйемен бағалайды;

- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

V. Жүлдегерлерді марапаттау

5.1. Облыстық білім мекемелері оқушыларының арасында өтетін М. Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Шығыс шамшырақтары» атты дәстүрлі XVI облыстық ақындар айтысының ашылуы және қорытындылап жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтеді.

5.2. Республикалық айтыстың жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, ынталандыру грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.