«Бастауыш сынып мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестігі - 2012-2013» аудандық байқауы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
«Бастауыш сынып мұғалімдерінің үздік әдістемелік бірлестігі – 2012-2013» аудандық байқауын «Зырян ауданының білім беру бөлімі» ММ Зырян ауданының дарынды балалары мен жастарын қолдау және дамыту орталығы өткізеді.
1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Байқаудың мақсаты: Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлікке ынталандыру және беделін арттыру арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жұмысының тиімділігін арттыру.
Байқаудың міндеттері:
- бастауыш сыныптың шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерін белсендендіру, қолдау және көтермелеу;
- кәсіби жұмыстың жоғары нәтижелерін қамтамасыз ететін бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ тәжірибе жұмысында қолданылатын инновациялық технологияларды анықтау;
- кәсіби шеберлікті жетілдіру және арттыруға ықпал ету;
- бастауыш сыныптар мұғалімдерінің үздік ӘБ жағымды тәжірибесін тарату;
- бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби және әлеуметтік имиджін қалыптастыру.
2. Байқауға қатысушылар.
Байқауға мемлекеттік және орыс тілінде білім беретін бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ мұғалімдері қатыса алады (қатысушылардың санына шектеу қойылмайды)
3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу.
3.1. Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1 кезең – «Инновациялық технологиялар калейдоскобы»: ақпараттық-коммуникативті, инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдана отырып сабақ жүргізу (сырттай) 2013 жылғы 5 наурызға дейін.
2 кезең – аудандық (іштей) – 2013 жылғы 27 наурыз.
4. Байқаудың мазмұны
Байқаудың бағдарламасында төмендегілер қарастырылған:
1 кезең (сырттай). «Инновациялық технологиялар калейдоскобы»
1) ақпараттық-коммуникативті, инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдана отырып бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ сабақтарының презентациясы, сабақтар сериясының бейнеүзінділері. Ұзақтылығы 20-30 минут (мәтіндік материалмен бірге жазбаларды CD-R, CD-RW, DVD дискілерінде ұсыну).
Бағалау түрлері:
- АКТ қолдану,
- Инновациялық технологияларды қолдану,
- Сабақта қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жаңашылдығы және өзгешелігі,
- әдістемелік құзыреттілік,
- нәтижелілік.
2) Қолданылатын педагогикалық технологияны сипаттау.
Бағалау түрі:
- Қолданылатын технологияның тиімділігі (нәтижелілігі).
2 кезең (іштей).
1 кезең. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жетістіктерінің портфолиосы (портфолио-папканы қалыптастыру, электрондық нұсқасының болуы қошталады).
Портфолионың құрылымы:
1. Ұйым басшысының қолымен расталған бастауыш сыныптың ӘБ мұғалімдерінің кәсіптік және жеке қасиеттеріне мінездеме.
2. Жұмыс тәжірибесінің қысқаша сипаттамасы, педагогтардың инновациялық жұмысы және соңғы 3 жыл ішіндегі аса маңызды педагогикалық жетістіктер туралы мәліметтер.
3. Білім нәтижесін бағалау үшін тәжірибеде әдістемелерді немесе басқа да педагогикалық диагностика құралдарын қолдану.
4. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ педагогтарының жұмысын көрсететін материалдар: семинарлар, конференциялар, сабақ түрлерінің әзірлемелері және т.б.
5. Қорытынды. Жұмыс нәтижесін көрсететін материалдар (педагогикалық шеберліктің артуы). Материалдарды жинастыру кезінде төмендегі параметрлерге тоқталу қажет:
- 3 жыл ішіндегі оқушылардың білім сапасы және үлгерімнің оңды динамикасы;
- облыстық және республикалық деңгейде аудандық (қалалық) пәндік олимпиадаларға, интеллектуалдық байқауларға қатысатын оқушылар санының артуы (пайыз бойынша).
6. Облыстық және республикалық деңгейде таратылған озық педагогикалық тәжірибе және БАҚ жарияланған материалдар.
7. Әріптестерінің пікірлері (3-тен артық емес).
8. Фотосуреттер – балалармен сабақ үстінде жұмыс жүргізу үрдісінің жанрлық фотосуреті және портреті.
2 кезең. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ визит карточкасы
(5 минут).
Бағалау түрлері:
- креативтілік,
- шешендік шеберлік,
- тіл мәдениеті,
- өзгешелік,
- жалпы эрудиция.
2 кезең. «Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ жұмысындағы әдістемелік жаңалық»(оқушыларды оқыту және тәбиелеу құралдары мен инновациялық әдістерді қолдану бойынша іс-тәжірибені көрсету- 7-10 минут).
Көрсету құрылымы:
1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысында қолданылатын инновациялық оқыту тәсілдері мен әдістерін сипаттау;
2. Оқушылармен шығармашылық жұмысты ұйымдастыруды сипаттау;
3. Педагогикалық идеялар мен бастамаларды сипаттау;
4. Инновациялық технологияларды қолдану тәсілдері мен әдістерінің нәтижесін сипаттау;
5. Педагогикалық оқыту технологияларын әдістемелік қамтамасыз ету бойынша материалдар;
6. Инновациялық технологияларды пайдана отырып сабақтың тиімділігін бағалау әдістері;
7. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ қатысушыларының өзара жұмысының тиімділігі.
Бағалау түрі:
- Үміткерлер ұсынған педагогикалық идеялардың көкейкестілігі. Ұсынылған ережелердің дәлелділігі және дәйектілігі.
- Заманауи оқыту технологияларын қолдану бойынша оқушыларды оқыту және тәрбиелеуде инновациялық әдістер мен құралдарды пайдалану тәжірибесін көрсете білу;
- Нәтижелілік (оқу үрдісінде оқушылардың нақты практикалық нәтижесіне, табысы мен жетістігіне іс-тәжірибені бағыттау).
- Кәсіби шеберлілік, құзыреттілік.
- Педагогикалық техниканы қолдана білу (тілдің анықтылығы, мимиканы, дене қимылын және т.б. басқару);
- Жеке қасиеттері (шығармашылық, импровизация, жан-жақтылық, ұйымдастырушылық қабілеттер, жалпы эрудиция, эстетикалық талғам).
Форма заявки
№ |
Школа |
Район/ город |
ФИО руководителя МО |
Контактный телефон руководителя МО |
|
|
|
|
|
Заявку сдать в «Центр поддержки и развития одаренных детей и молодежи Зыряновского района» до 25.02.2013 года до 15.00 часов на электронный адрес: zyr_odarennost@mail.ru, либо по факсу: 8 (72335) 6-29-69.
Участвуйте и побеждайте!
Исполнитель:
Кадырбаева М.А.
Шейбель И.А.
Тел: 6-29-69